Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Он жеті жастағы жігіт дауыл кезінде үйдің төбесінен құлап, оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Хабар 24-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Дауыл кезінде жігіт жеке тұрғын үйдің төбесінде болған. Жас жігітті жел ұшырып әкеткен, ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Еске сала кетейік, өткен сәрсенбіде Жамбыл облысында қатты дауыл болды. Желдің екпіні секундына 38 метрге жетті. Бүгінде облыста медициналық көмекке 53 адам жүгінген. Қалалық көпсалалы ауруханаға 43 адам жүгінсе, стационарға төрт адам жатқызылған.

Байзақ аудандық ауруханасына алты адам хабарласып, бір науқас ауруханаға жатқызылған.

Жамбыл көпсалалы балалар ауруханасына төрт бала түскен, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы