Жамбыл облысында «Даму» қоры мыңнан астам жобаға қолдау көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылда «БЖК-2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері облыс бойынша 140 млрд теңгеге жуық несие берілді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалының директоры Данияр Байгоджаев айтты.
Ол атағандай, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме Ұлттық банк белгілеген және 8,5%-ға ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспауға тиіс.Нақты сомасы 139,2 млрд теңге болатын 1 366 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 6,8 млрд теңге болатын 191 жобаға қолдау көрсетілді. «БЖК-2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері кепілдік беру құралы шеңберінде өңірде кредиттердің жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге 704 кепілдік беру шарты жасалды. Оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында кредиттердің жалпы сомасы 4,4 млрд теңгеге 107 шарт жасалды. Бұл 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жобалар санымен салыстырғанда өсім 128 % құрады, - деді Байгоджаев.
Данияр Байгоджаев кредиттік қоржынның жалпы сомасы шамамен 2,4 млрд теңгеге 13 жоба бойынша кепілдік берілсе, кепілдік сомасы 998,7 млн теңгені құрайтынын айтты.Бүгінгі күні кредит бойынша мөлшерлеме 17,75%-ды құрайды, оның 6%-ын кәсіпкердің өзі төлейді, 11,75% - ын мемлекет өтейді. Бір қарыз алушыға кредит лимиті – 20 млн теңге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға-5 млн теңгеге дейін.2019 жылы Үкімет «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларды кредиттеу бағдарламасын іске қосты. 2019 жылдан бастап биылғы жылдың шілдесіне дейін өңірде субсидиялау құралы бойынша 45,4 млрд. теңге несиеге 29 жоба қолдау тапты, - деді ол.
Оның ішінде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,7 млрд теңге сомасына 6 жоба жасалып, 748 млн теңге кепілдік сомасы берілді. Салалар бөлінісінде тамақ өнімдерін өндіру, кірпіш, бетон бұйымдарын өндіру жобалары, білім беру және медицина салалары басым болып отыр, - деді ол.