Жамбыл облысында балалар құлдыққа түскен бе? – министр мән-жайды түсіндірді

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жамбыл облысында балалардың құлдыққа түскені жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, мұндай жағдайларда Оқу-ағарту министрлігінде бекітілген алгоритмге сәйкес Балалардың құқығын қорғау комитеті шара қабылдайды.

Бұл мәселе комитеттің толық бақылауында. Кеше облыс әкімінің орынбасарымен және тиісті әкімдіктермен сөйлестім. Қазір балаларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Нақты тексеру жүргізіліп жатыр. Құлдыққа қатысты "бұл дәлелденбеді" деген ақпарат келіп жатыр. Толық тексерістен кейін кімнен қате кеткені анықталады, тиісті шара қабылданады, – дейді Ғани Бейсембаев.

Еске салсақ, бұған дейін Талас ауданында екі кәмелетке толмаған бала 5 жыл құлдықта болып, қорлық көріп келгені белгілі болды. Балалардың жүйелі түрде соққыға жығылып келген дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеке бақылауына алды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы