Жамбыл облысында балалар арасындағы суицид әрекеті 3 есе көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы 25,7%, балаларға қатысты қылмыстар 29,1%, ал суицид әрекеті 3 есе өскен. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысының прокуроры Ж.Қ.Құсайыновтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды.   

Облыста кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 12 облыстық, қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып, 1759 түрлі алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Алайда, бірде бір жағдайда да құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ.

Әлсіз профилактиканың екінші себебі ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-інің ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған.

Үшінші себеп жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі.  

Сондықтан, Үйлестіру кеңесінің отырысында аталмыш үрдісті жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Атап айтқанда, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және әлеуметтік оңалту бойынша жұмысты күшейту; мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмыс форматын қайта қарау; мектеп психологтары мен инспекторларының жұмысы үшін мектептердің оқу жоспарына жеке уақытты енгізу; есепте тұрған балалар (мектепте және полиция бөлімдерінде) профилактикалық шараларды дараландыру үшін топтарға (жоғары, орташа және болмашы қауіп) бөлу; ата-аналардың жауапкершілігін арттыру тәжірибесін қайта қарау секілді мәселелер талқыланды.

Іс-шараларды іске асыру Жамбыл облысының прокуратурасы мен әкімдігі әзірленген жасөспірімдер қылмысының алдын алу саласындағы Жол картасында белгіленген.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы