8 Маусым 2024 2024, 21:12
Фото: ТЖМ
Жамбыл облысында автокөлік өртенді
Жамбыл облысында автокөлік өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті
Жамбыл облысында автокөлік өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жуалы ауданының республикалық маңызы бар „Алматы-Ташкент“ 522 шақырымында жүк көлігі өртеніп кетті, — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.