4 Маусым 2019 2019, 19:37

Жамбыл облысында "Әулиеата бояулары" фестивалі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында  Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І- халық шығармашылығы фестивалі өтуде, деп хабарлады "ZhambylNews".

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында  Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І- халық шығармашылығы фестивалі өтуде, деп хабарлады "ZhambylNews".

Фестивальдің барысы екі кезеңнен тұрады. І-кезең 31-мамыр мен 6-маусым аралығын қамтиды. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға қаланың тарихи-мәдени орындарын аралатып, экскурсия жасады. Экскурсия барысында суретшілер өздеріне ұнаған, шығармаларына арқау болатын орындарды таңдады. 

Фестивалдің бірінші кезеңі аясында қатысушылар өздері таңдаған орындарын бейнелейді. Олар Қараһан – Баба, Айша бибі, Ақыртас қалашығы, Көне Тараз тарихи-мәдени орыны және Жеңіс саябағы секілді көрнекті орындарды таңдаған. Қылқалам шеберлері алдағы күндері аудандарға сапар шегіп, өздеріне берілген аумақтардың келбетін кескіндейді. 

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан келген қатысушылар екі шығармадан, Тараздың табиғаты мен тарихи-мәдени орындары бейнеленген жалпы саны 40 картина салады. 

Ал,екінші кезең 7-маусым күні өтеді. Осы күні іс-шараның салтанатты жабылуы, марапаттау рәсімімен қатар, Б.Момышұлы атындағы “Жеңіс” саябағында ашық аспан астындағы көрме ұйымдастырылып, пленэрге қатысушы суретшілердің шығармалары мен өлкеге белгілі қолөнер шеберлерінің және фотосуретшілердің тың туындылары қойылатын болады.