Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам жараланды

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

29 шілде күні шамамен сағат 21:30-да Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында 4 адам аудандық ауруханаға оқ жарақатымен жеткізілді, – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтіруге оқталу, екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бұзақылық ниетпен жасалған") қылмыстық іс қозғалды, – деп түсіндірді ведомстводан.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – деп қосты баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы