Жамбыл облысында әскери танк жеңіл көлікпен соқтығысты

Автокөлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан бейнеролик әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартқан. Аталған жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

28 тамыз күні Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жол апаты болды. Жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде «Mersedes» маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде «Танкке жол бер» белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Egov.Press/скриншот
Өзгелердің жаңалығы