Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында «Батыл тойтарыс – 2022» стратегиялық командалық-штабтың оқу-жаттығулары өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері қатысып, таулы жерде жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Әскерлер шартты түрдегі қарсыласты жою үшін танк, артиллерия, зениттік-зымыран және әскери авиация қолданды. Батальондық тактикалық топ шекарашылармен бірлесіп, шартты түрдегі содырларға тойтарыс берді. Оқу-жаттығуларды қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов көріп, әскерилердің дайындығына бағасын берді.
Әскерлердің арнайы іс-қимылы шыңдалды. Басқа күш құрылымдарымен, шекара, полициямен бірге және төтенше жағдайлар қызметімен бірге жұмыстарды атқарып, сарбаздардың іс-қимылын шыңдадық, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жедел басқарма бастығы Нұрлыхан Темірбеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда субұрқақтар уақытынан бұрын іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы