Бүгiн 2026, 14:36 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Жамбыл облысында әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ тиіп, көз жұмды

Әскери бөлімде қарауыл бастығы қаза тапты.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығының оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, әскери бөлімнің қарауыл бастығына оның қарамағындағы қызметкері абайсызда оқ атқан. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқан дерегін растады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен іс-жүргізу шараларының кешенді нәтижелері бойынша анықталады, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза тапты