Жамбыл облысында ардагерлерді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті мерекелік іс-шараларды Байзақ ауданынан бастады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарыкемер ауылында ҰОС және ІІО қатысушыларының жұбайларына, тыл еңбеккерлеріне және ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов пен ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин ардагерлердің әрқайсысының үйіне барды. ҰОС және ІІО қатысушыларының жұбайлары Забира Егембердиева мен Райбиби Рысбаеваны құттықтап, олардың ерлері Ниязбек Егембердиев пен Сауытбек Рысбаевқа қайтыс болғаннан кейін "Ұлы Жеңістің 75 жылдығына" медалі берілді.

Содан кейін қонақтар тыл еңбеккері және ІІО ардагері Сейдімхан Тілеуқұловқа барып, "Ұлы Жеңістің 75 жылдығына" медалі мен атаулы сағаты табыс етілді. 

Мерекелік медальдардан бөлек, ардагерлер мен ҰОС және ІІО жесірлеріне облыстық Полиция департаменті атынан Құрмет грамоталары беріліп, материалдық көмек көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы