Кеше 2026, 13:57 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова

Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды

Мойынқұмда алтын өндіруші кәсіпорын аумағына басып кіргендер сотталды.

Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынға кіргені үшін 20 адам қамауға алынды. 

Мойынқұм аудандық соты қараша айында күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша 20 азаматқа қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сот 2026 жылғы 28 сәуірде түнгі уақытта Мойынқұм ауданындағы жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге жататын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына 20 азаматтың заңсыз кіргенін анықтады.

Сотта барлық құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді. Әрқайсысының кінәсі түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғалардың баянаттарымен дәлелденді. ӘҚБтК 506-бабының санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Сот кінәні мойындауды және жасаған ісіне өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде мойындады. 9 құқық бұзушыға қатысты сот осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауды ауырлататын мән-жайлар деп таныды. Сот қаулыларымен барлық 20 азамат ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 15 тәулік мерзімге қамаққа алынды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты. 

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 7 адам зардап шекті.

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды

Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты

Абай облысында газдан уланған жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түсті