8 Қазан 2026, 06:30 Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында 88 шетел азаматы ел аумағынан бес жылға шығарылды

Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасын

Жамбыл облысында 88 шетел азаматы ел аумағынан 5 жылға шығарылды.

Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан «Заңсыз келуші - 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көші-қон заңы талаптарын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды.

Сонымен қатар жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды. Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сонымен қатар бұған дейін Жамбылда вандализм тыйылмай тұрғанын және 82 құқықбұзушылықтың жолы кесілгенін жазғанбыз.