Жамбыл облысында 77 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 77 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасынан шығарылды. Бұл кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережені толық орындамаған, деп хабарлайды 24.kz.
Жүйе арқылы коронавирус жұқтырған 33 адам анықталды. Олардың мәртебесі бизнес нысанына кірерде «қызыл» түсті көрсеткен. Яғни қауіпті инфекцияны жұқтырғандар оқшауланбай, көшеге шығып кеткен. Сонымен қатар «сары түстегі» 133 тұрғын қоғамдық орындарға келген. Мәселен, кей кәсіпкерлер келушілерден QR-кодты сканерлеуді талап етпеген. Бизнесмендер «Ashyq» қосымшасының талаптарын жүйелі түрде бұзатын болса, өңір «қызыл аймаққа» өтеді. Ол кезде кәсіпкерлік нысандарының жұмысы тоқтатылады.Әкімгер ретінде біз оларды екі аптаға аластаттық. Бизнес нысандары осы мерзім аяқталған соң тағы өтініш бере алады. Талап қайтадан бұзылған жағдайда 2 айға жобадан шығарылады. Арада осыншама уақыт өткен соң ғана қосымшаны қайта пайдалануға мүмкіндік алады. «Ashyq» жобасына қатысушылар облыс қызыл немесе сары белдеуге өтсе де штаттық режимде қызмет көрсетуге мүмкіндік алады, - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда найзағайдан 70 адам қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы