Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастады
Қаратау қаласында 7 жасар ұл баланы ит талап, бет-аузын, екі аяғын қатты жарақаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауруханаға бала ессіз күйде жеткізілген. Ит оның оң жақ бетін талап тастаған. Салдарынан бүлдіршін көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер оған шұғыл түрде операция жасады.
Сонымен қатар науқасқа құтыруға қарсы вакцина егіліп, антибиотикалық ем де жасалған.
Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы жақсарып келеді. Хирургия бөлімінде әрі қарай тиісті ем-дрмын қабылдауда. Баламен аудандық аурухананың психолог мамандары жұмыс істеп жатыр, - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ каннабис тобының есірткісін өсіретін екі фитолабораторияны құрған қылмыстық топты жойды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы