Жамбыл облысында 7 ауыл тұрғындары 100% екпе салдырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындары арасында екпе алу қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Мобильді топтар қазір ауыл-аймақтарда екпе салу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі таңда ауданға қарасты Жайылма, Жаңаарық, Досбол, Тоғызкент, Қамқалы, Игілік және Түркістан ауылдық округтерінің тұрғындары 100 пайыз екпе салдырған, - делінген хабарламада.
Ауданда вакцинаның 7 егу пункті жұмыс істеп тұр, оның ішінде біреуі көшпелі. Бүгінде жалпы вакцина салуға жататын аудан тұрғындарынын 83,2% екпе салдырды.
Ауданда вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың үлесін 87%-дан асыру көзделіп отыр. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясы басталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы