Жамбыл облысында 64 жер заңнамасының бұзылуы анықталды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылға Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден 79 мың гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Жер қатынастары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау мақсатында Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті тұрақты негізде жоспардан тыс тексерулер жүргізеді, соның нәтижесінде жер учаскесін өз бетінше иеленгені үшін 4 жер пайдаланушыларға нұсқама беріліп, айыппұл салынды.
Сондай-ақ жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін бір жыл мерзімге 50 нұсқама берілді, жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін 3 жер пайдаланушыға 3 ай мерзімге нұсқама берілді.
Жер заңнамасын бұзғаны үшін 7 мемлекеттік мекемеге 1 ай мерзімге нұсқама берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ҚР АШМ ЖРБК бақылауында.