Жамбыл облысында 6,7 млн мемқызмет көрсетілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жұмыс қорытындысы туралы Өңірлік коммуникалар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баяндады.
Облыста есепті мерзім ішінде 6,7 млн-ға жуық мемқызмет көрсетілген. Өңірде 2019 жылмен салыстырғанда баламалы тәсілмен көрсетілетін қызметтердің қағаз түрінде көрсетілу үлесі 0,8 пайызға артып отыр. Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесі 14,4 процентке ұлғайды, - деді ол.
Брифинг барысында қызметтер сапасын бақылау мәселесіне де тоқтала кетті.
Қызметтер сапасын бақылау аясында 17 бақылау жұмысы жүргізілді. 5 341 заң бұзушылық фактісі анықталды. Сондай-ақ, барлық кемшілік қалпына келтірілді. Орын алған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта қайталамас үшін 26 ұсынылым енгізіліп, толық орындалды. Кемшіліктерге жол бергені үшін 88 жауапты тұлғаға тәртіптік жаза берілді, 28-іне әкімшілік іс қозғалды, - деп түсіндірді ол брифингте.
Сонымен қатар облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер алу мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында 1 353 іс-шара өткізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сахара шөлін қар басты
Өзгелердің жаңалығы