25 Сәуір 2025 2025, 03:26
Фото: freepik
Жамбыл облысында 59 шетелдік азамат елден шығарылды
Жамбыл облысының Талас ауданында заңсыз еңбек қызметімен айналысқан Өзбекстан Республикасының 59 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.
Жамбыл облысының Талас ауданында заңсыз еңбек қызметімен айналысқан Өзбекстан Республикасының 59 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы ақпан мен наурыз айлары аралығында аталған шетел азаматтары зауытта құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған. Олардың ешқайсысында еңбек қызметіне рұқсат болмаған.
Талас аудандық соты оларды ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша (көші-қон заңнамасын бұзу) кінәлі деп танып, елден шығару жөнінде шешім шығарды. Сотта шетелдіктер кінәсін мойындап, өкініш білдірген.
Құқық бұзушылықтар тиісті хаттамалармен және лауазымды тұлғалардың баянаттарымен расталған.