Жамбыл облысында 4,5 мыңнан астам пышақ пен тыйым салынған зат тәркіленді
Полицейлер жүргізген рейд барысында мыңдаған қауіпті зат анықталды. Бұл өңірдегі қауіпсіздікке қалай әсер етеді? Толығырақ материалда.
Облыс аумағында жүргізіліп жатқан профилактикалық рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері тұрғындардан 4637 пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды тәркіледі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, тәркіленген әрбір зат – алды алынған орын алуы мүмкін қайғылы жағдай еді. Мұндай заттар қылмыс жасау кезінде жиі қолданылып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
Полиция қызметінің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, ауыр зардаптардың алдын алу. Қауіпті заттарды дер кезінде тәркілеу түрлі жанжалдардың, денсаулыққа зиян келтіру фактілерінің және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алып, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыс аумағында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, тыйым салынған заттарды сақтаудан және алып жүруден бас тартуға шақырады.