Жамбыл облысында 372 мың гектар жер қайтарылды
Жыл аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы 200 мың гектар жерді мемлекеттік меншігіне қайтарамыз деп міндетте алғансыздар. Жыл басынан бері қанша гектар жер мемлекеттік меншігіне қайтарылды? Ол жерлер қалай бөлінеді? Әділетті бөлінуіне кепілдік бересіз бе? деп БАҚ өкілдері облыс әкіміне сауал қойды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев брифинг барысында Жамбыл облысында қанша гектар жер мемлекеттік меншігіне қайтарылатынын айтты.
Жамбыл облысында екі жылды қосқанда 372 мың гектар жер қайтарылды. Сол 372 мың гектардың былтырғы жылы 201 мың гектары қайтарылды. Яғни 11 айдың қорытындысы бойынша 171 мың гектар қайтардық. Әрине желтоқсанның 15-не дейін жоспарды толықтай орындаймыз. Екіншіден қайтарылған жердің басым бөлігі қосалқы шаруашылықтардың малын бағуға, ауылдың малын бағу мақсаттарына таратылып отыр. Ол мәселе де кезең-кезеңімен шешіледі. Президенттің тапсырмасын уақытылы, сапалы орындаймыз, - деді облыс әкімі
Өңір басшысы жерлердің қалай бөлінетінін де атап өттті.
Жердің басым бөлігі жеке қосалқы шарушылықтар ауылдың малын бағуға беріледі. 10-15 % -ы шалғай жерлердегі орналасқан жерлер. Ауылдың малын алып бара алмаймыз. Алыс қой. Сол себепті оны конкурсты түрде мердігерлерге заңда белгіленген тәртіппен таратылып жатыр,- деді облыс әкімі.