Жамбыл облысында 300 көлік тас жолда тұрып қалды
Ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтағы боранды жел, көктайғақ салдарынан жол қозғалысы қиындаған.
Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тас жолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай АПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырылды, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы