Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды
Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтардың орнын анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен бір тәулікте 11 қару мен әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрондарды табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мысалы, полицейлер Тараз қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың бірінің жанынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қойманы тапты.
Екі қаптың ішінен 2-дана "Калашников" автоматы, 2-дана "ТОЗ" маркалы аңшылық карабині, "Сайга" маркалы мылтық, 2-дана ойық қару, "Байкал" тегіс ұңғылы мылтығы, автоматтың оқжатары және әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрон тәркіленді.
Табылған қарулардың барлығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы