Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 179 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысының инфекциялық стационарларына барлығы 3 634 төсек орын қарастырылған, оның ішінде 1 976 кереует толтырылған, бұл – 54 пайыз.Қазіргі таңда жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте КВИ-дың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін ауруханадан барлығы – 11 713 азамат сауығып шықты. Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде, – делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы