Жамбыл облысында 15 жаңа мектеп салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Жамбыл облысында 22 білім беру мекемесінің құрылысына 10,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың қатарында 15 мектеп, алты қосымша құрылыс және бір оқушылар сарайы бар. Бүгінде бір мектептің құрылысы аяқталды. Бұл ретте биылғы жылдың соңына дейін 14 нысанды, оның ішінде сегіз жаңа жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.Осылайша үш апатты, бір үш ауысымды, орын тапшылығы бар үш мектеп және екі ескі мектеп мәселелері шешілмек. Қалған екі апатты, сегіз үш ауысымды және орын тапшылығы бар бес мектептің мәселелері 2021-2022 жылдары кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Атап айтсақ, Тараз қаласында 1278 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы басталған. Жұмыстың жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары мен жергілікті бюджет аясында 42 мектепте күрделі жөндеу, 53 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 8 миллиардтан астам теңге қарастырылған.
Сонымен қатар, Таразда бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы