Жамбыл облысында 12 млн тонна фосфор қалдығы тұрғындардың наразылығын тудырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Тараз қаласы аумағында орналасқан "Казфосфат" ЖШС-ға қарасты "Минералды тыңайтқыштар" зауыты жылына миллиондаған тонна фосфогипс қалдығын шығарады. Тау-тау болып үйіліп жатқан фосфор қалдықтары халықтың шағымдануына себеп болған.
Бұл жөнінде сенатор Әбдәлі Нұралиев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке төтесінен сауал қойды.
Жамбыл облысының Тараз қаласы аумағында "Казфосфат" ЖШС "Минералды тыңайтқыштар" зауытының Тараз филиалында 12 млн 615 мың тоннадан астам фосфогипс қалдықтарын жинақталған. Оның көлемі жылдан жылға ұлғаюда. Жылдың құрғақ мезгілдерінде желмен көтерілген қалдықтардың шаңы жақын елді-мекендер тұрғындарының орынды наразылығын тудыруда. Осыған байланысты сұрақ туындайды. "Казфосфат" ЖШС-ның фосфогипс қалдықтарымен қандай жұмыс атқарылуда?, - деді Парламент Сенатының депутаты.
Өз кезегінде экология министрі Үкімет сағатының отырысында бұл сұраққа бірден жауап бере алмай, жазбаша түрде жолдайтынын айтты. Сенатор өндірістік қалдықтарды өңдеу – экологиялық басым бағыттардың бірі екеніне назар аударды. Экология департаменттерінің есептік дерегіне сәйкес 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу 32,2%-ды құраған.
Айта кетейік, "Казфосфат" ЖШС-на қарасты "Минералды тыңайтқыштар зауыты" жыл өткен сайын өнім көлемін арттырып отырғандықтан, шығарылып жатқан фосфогипс көлемі де көбейіп келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында желтоқсанда 36 нысан пайдалануға беріледі
Келесі жаңалық
Газа секторында гуманитарлық жүк тиелген көліктер тоналды
Өзгелердің жаңалығы