Жамбыл облысында 10 миллионды жымқырды деп айыпталған экс-әкімге қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінің бұрынғы әкімі 10 миллионнан астам теңгені жымқырғаны үшін сотталды. 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі «Сәулет 2012» ЖШС мердігер компаниясының басшысымен жалған келісім жасасып, Сарыкемер ауылындағы көше жарықтарын жөндеуге бөлінген 10 миллионнан астам теңгені жымқырған. Ал іс  жүзінде жұмыс орындалмады. Кінәлілер жазасын алды,  - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы