Жамбыл облысынан кадрлық резервке үміткерлер жасақталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан айтты.

Президенттік жастар резервіне кандидаттардың құжаттарын қабылдау биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz цифрлық платформасында жүргізіледі.

35 жастан аспаған еліміздің азаматтары болуы қажет. Екіншіден, жоғары білімі болуы қажет. Жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы қажет. Қазіргі іріктеудің жаңалығы үміткерлерге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растау қажет. Ол Ұлттық стандарттарға сәйкес орташа деңгейден (B1) деңгейінен төмен болмайтын сертификат, - деді Ш.Сұлтанхан.
Резерв іріктеуіне қатысуға Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар жіберілмейді.
Президенттік резервтен тағайындау саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына көзделеді. Резерв мерзімі 3 жылды құрайды. Бұл ретте Президенттік резервке қабылдау - резервте болу кезеңінде лауазымға міндетті түрде тағайындалу шарты болып табылмайтынын ерекше атап өту қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы