Жамбыл облысынан әскери командир алаяқтықпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.
Айтуынша, Жамбыл облысының әскери бөлімінің екінші дивизионы командирі және екі азаматтың алаяқтық фактісі анықталды«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау басқармасының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен бірлесіп облыстың әскери бөлімнің екінші дивизионы командирі (майор) және екі азаматтың (бірі құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері болып табылатын) алаяқтық фактісін анықтады. Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша оң шешімге жәрдемдесу үшін осы әскери бөлімнің батальон командирін алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен 1,7 млн теңге сомасындағы (алдын ала айтылған 5 млн теңгенің) ақша қаражатын иемденген», - деді Бердалин.
Кінәсін толық мойындауына байланысты командирге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті екі тұлғаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Сонымен қатар, департамент директоры Түркістан облысы «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының парақорлық фактісінің жолы кесілгенін хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментімен «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жайылымға жер учаскесін ұсыну бойынша мәселенің оң шешімі үшін шаруа қожалығы төрағасынан 100 мың сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ», - деді спикер.
Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің жемқорлықпен ұсталғаны туралы, сондай-ақ пара алды деген күдікке Нұр-Сұлтандық аудан әкімдігінің шенеунігі, «Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС директоры да ілінгені туралы ақпарат бергенбіз.
Сонымен қатар, сәуір айында елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық қатынастардың болуына қатысты студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілген. Сауалнама нәтижесінде елордалық студенттердің 6,3%-ы пара бергенін жасырмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нығматулин Карповпен кездесу өткізді
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы