Жамбыл облысы жыл басынан бері 553,6 млрд теңге инвестиция тартқан

Жамбыл облысы жыл басынан бері облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, инвестицияның 82%-ы – жеке меншік қаражат.

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы бестік қатарында. Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-орында тұр. Облыста іске асырылуы 2029 жылға дейін қарастырылған 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 4,1 трлн теңге құрайтын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды, оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен болды, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Белгілі болғандай, биыл жыл соңына дейін 161 млрд теңгеге 1,1 мың жұмыс орны құрылатын 26 инвестициялық жоба іске асырылады деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы