Жамбыл облысы полициясының экс-басшысы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы полициясының экс-бастығы Владимир Щелочков коронавирустан қайтыс болды.

Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

8 тамызда Жамбыл облысы ІІД экс-бастығы, отставкадағы милиция полковнигі Щелочков Владимир Александрович 75 жасқа қараған шағында коронавирустық инфекциядан қайтыс болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Владимир Щелочков 25 жылдам астам уақытын Жамбыл облысы ішкі істер органдарындағы қызметке арнады. Қатардағы милиция қызметкерінен бастап облыстық милиция бастығы қызметіне дейін көтерілді. Оның есімі тек Жамбыл облысының құқыққорғау жүйесі тарихына ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихына енді. 

Владимир Щелочков 1947 жылы 3 ақпанда Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған соң, теміржол станциясында машинист көмекшісі болып жұмыс істеді. Әскерден кейін 1971 жылы Жамбыл облысының ішкі істер қызметіне жұмысқа тұрды. Екі жоғары білімі бар - педагогикалық және заңгерлік.

1978 жылы милицияның аға лейтенанты Владимир Щелочков Шу ауданының ІІО бастығының орынбасары болып қызмет етті. Кейіннен Жаңатас қаласына ауысты.

1992-1995 жылдары Жамбыл облысы ішкі істер басқармасын басқарды.

Жамбыл облысы полициясының барлық қызметкері үшін В.А. Щелочковтың мезгілсіз қазасы - орны толмас қаза. Ішкі істер органдарының басшылығы, зардагерлері және полицейлердің жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ішкі істер органдарының офицері мәңгілік есімізде қалады, - делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы