Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Берік Болатұлы Нығмашев тағайындалды. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Берік Нығмашев 2009 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "Агрохимия және топырақтану" мамандығы бойынша, 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының "Кирилловка-Айыртау" ЖШС агроном болып бастады. 2010-2013 жылдары Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман - агрономы.

2013-2014 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің бас сарапшысы, өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының басшысы, өсімдік шараушылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы; 2014-2015 жылдары – ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті мал шаруашылығының мониторингі және талдау басқармасының басшысы; 2015-2017 жылдары – ҚР Ауыл шауашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары; 2017 жылы – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық кооперациясы департаментінің директоры;

2018 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы