Жамбыл облысы. 150 жеңіл, 250 жүк көлігі, 30 автобус жиналып қалды

11 ақпанда Жамбыл ауданында "Алматы-Термез-Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында 534-593 км) 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі. 

АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті. Облыстық ТЖД-да жедел штаб ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, "жедел желі " телефоны ашылды": 8(7262)513575, 514167.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы