Жамбыл облыстық Туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мұртаза Жалғас Әлижанұлы Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұртаза Жалғас Әлижанұлы 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, білімі жоғары.2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде бухгалтер болып бастаған.
Әр жылдары Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылғы маусым айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауылға жұмысқа келген дәрігерлердің үстемеақысы 10 есе өседі
Өзгелердің жаңалығы