"Жобаның мақсаты – қоғамда сенімділік ахуалын құру. Мұндай жобаларды енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммуниетті қалыптастыруға, жоғары моральдық қаситеттерді, атап айтқанда имандылық пен адалдықты тәрбиелеуге тікелей ықпал етеді", - делінген таратылған ақпаратта.
Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов дүкен сатып алушының әдептілігін сынайтын жалғыз бақылаушы болып табылатындықтан, бір нәрсе сатып алғысы келген әркімнің ар-ожданының сынағы болып табылады деген пікірін білдірді.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкен ойдағыдай жұмыс істесе, өңірдегі қалалық соттарда да осы тектес дүкендер ашылатын болады.