Жамбыл әндерін қайта жаңғыртып жатырмыз – әнші

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы «Сазген-сазы» ансамблінің әншісі Жеңіс Ержанов Жамбылға тағзым атты концертте айтты.


Аталған концерт Алматы облысы Жамбыл ауданында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Алматы әуендері мекемесіне қарасты «Сазген-сазы» фальклорлық-этнографиялық ансамблінің қатысуымен өтіп жатыр. 

Әнші Жеңіс Ержанов жыраудың әндерін қайта жаңғыртып жатқандарын айтады.


Биыл жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар ауқымды көлемде өтіп жатыр. Соның ішінде біз де Жамбыл атамыздың көнеден қалған жырларын, әндерін қайта жаңғыртып, өз репертуарымызға қосып халыққа жеткізіп жатырмыз,-дейді әнші. 



Қазақстанның еңбек сіңірген артісі әрі дәстүрлі әнші Ержан Қосбармақов жылда Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында мәдени іс-шаралар өтіп тұратынын айтады. 




Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы мен Президенттің қатысуымен жыраудың 175 жылдығы салтанатты түрде ашылады. Ал біз Алматы әуендері мекемесіне қарасты «Сазген-сазы» фальклорлық-этнографиялық ансамблімен ақынның өскен, өмір сүрген жеріне келіп концерт қойып жатырмыз,-дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы