"Жамбыл - адалдық алаңы": ҰБТ біздің назарда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 17-20 тамыз аралығында ҰБТ-ның екінші кезеңі өтуде.
Бұл жолы шекті балл жинай алмаған, наурыз айында ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, сондай-ақ маусым-шілде айларында нәтижелері жойылып, ҰБТ-ға жіберілмеген және тағы бірқатар тұлға үшін кезекті ҰБТ өткізілуде.Сынақ талапқа сай өтуі үшін "Жамбыл - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері қадағалауда.
Бақылаудың алғашқы екі күнінде Ұлттық біріңғай тестілеу залына кірер кезде 27 оқушыдан, аудиторияда 5 оқушыдан ұялы телефон және басқа да тыйым салынған заттар анықталып, аудиториядан шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту жоспарланған – Серік Шапкенов
Өзгелердің жаңалығы