Жамаубаев соңғы 5 жылда Қытаймен кедендік статистика бойынша алшақтық қандай екенін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Министр Президенттің тапсырмалары қалай орындалатынын айтты.
Кедендік әкімшілендеруді жақсарту аясында уәкілетті экономикалық операторларға қойылатын талаптар күшейтіледі. Барлық экономикалық оператордың есептілігіне қол жеткізу үшін олар көлденең мониторинг желісіне қосылады. Жалпы кеден саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша шара қабылданады. Жақында мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін кешенді тексеріс жүргізіледі, - деді Жамаубаев.
Министр соңғы бес жылда Қытаймен айқын статистика бойынша алшақтықтар 60 пайыздан 40,4 пайызға төмендегенін айтты.
Қытай мен өзге елдер бойынша кедендік статистикадағы алшақтықтар қысқартылады. Капиталды елден негізсіз шығару туралы заңнамаға келесідей өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Олар: дивиденттерге салық салу кезіндегі жеңілдіктерді, оның ішінде ҚР-да көздерден резидент еместерге төленетін жеңілдіктерді қайта қарау, үлестес шетелдік компаниялардан материалдық емес шектеулер бойынша шегерімге шектеу енгізу, бақыланатын шетелдік компания негізінде жеңілдіктерге шектеулер енгізу, - деді ол.