Жамаубаев салықтар бойынша жоспар 17 млрд теңгеге асыра орындалғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.
Ол атағандай, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады.Мемлекеттік бюджетке 7 трлн 139 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 105,3%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 4,6 трлн теңге түсті. Кірістер бойынша жоспар 30 млрд теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтар - 17 млрд теңгеге асыра орындалды. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа, корпоративтік табыс салығына тиесілі болды, - деді ол.
Бұл Теңіз кен орнында күрделі жөндеу жүргізілуіне және шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты болады. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауы өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда үшінші елдермен тауар айналымының 6,7%-ға немесе 875 млн долларға, оның ішінде шілде айында импорт көлемінің 26%-ға немесе 645 млн долларға төмендеуіне байланысты болды, - деді Жамаубаев.
Ол атап өткендей, салықтық емес түсімдер бойынша жоспардың асыра орындалуы негізінен мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өндіріп алулар есебінен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 115%-ға атқарылды және 2 трлн 547 млрд теңгені құрады. Жоспар 332 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 280 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалды, - деді министр.