Жамаубаев Қазақстан мен Қытай статистикасы алшақтығының негізгі себептерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты. 

Қазақстан статистикасының Қытаймен алшақтығының негізгі себептері келесідей: статистиканы қалыптастырудың методологиялық ерекшеліктері, Қытай тауарларының Қазақстан Республикасы арқылы транзитінің бір бөлігі Қытай Халық Республикасының статистикасында Қазақстан Республикасына экспорт ретінде көрсетіледі. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген елдерінің оң алшақтықтарымен расталады: Армения (+450 млн. долл.), Беларусь (+1,5 млрд. долл.) және Ресей (+4,3 млрд. долл.), - деді ол. 

Министр атағандай, қытай тауар өндірушілері субсидиялар мен қосылған құн салығын қайтарып алатындықтан экспорттық бағаны көтеруге мүдделі.

 Қазақстандық импорттаушылардың дұрыс декларацияламауы және кедендік құнды кемітуі,  «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы өткізілетін пошта тасымалдары мен тауарлар біздің статистикамызда есепке алынбайды, - деді ол.

Министр атағандай, 2,8 млрд доллар дұрыс декларацияламау кезіндегі республикалық бюджеттің болжамды шығындары 150 млрд теңгеге бағаланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы