Жамаубаев қанша қаражат игерілмегенін айтты
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,7%-ке, республикалық бюджеттің шығысы – 99,6%-ке, жергілікті бюджеттердің шығысы 98%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 10 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілді. Атқарылмау 41 млрд теңгені құрады, оның ішінде 10 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 31 млрд теңге, - деді Жамаубаев.
Министр атағандай, қаржы игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары білім және ғылым, ішкi iстер, қаржы және төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты.
Қаржы игерілмеудің негізгі себептері: шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, төлем шоттарын кеш ұсыну, төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілуі, есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауы, - деді ол.