Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған министрліктерді атады

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 4 айда бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жамаубаевтың мәлімдеуінше, биыл осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге, ал республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түскен.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 98,6 пайыз, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0 пайыз, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6 пайыз атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 7 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау – 72 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмеген сома – 55 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Атқарылмаған сома – 336 млрд теңге. Оның негізгі себептерінің бірі – шартты ұзақ жасау, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұзақ өткізу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы