Жалқауларға арналған эксперимент: 10 күн суда жатсаңыз, 5000 евро төленеді

Еуропалық ғарыш агенттігі ғылыми экспериментке қатысқандарға бес мың евро төлеуге дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, зерттеу Тулуз университеттік госпиталіндегі Medes медицина орталығында өткізіледі.

Эксперимент барысында 10 ерікті 10 күн бойы арнайы сулы кереуетте жатуға тиіс. Агенттік зерттеудің қатысушылары су өткізбейтін матамен жабылған ваннаға ұқсас ыдыста жату қажеттігін түсіндірді.

Тамақтану кезінде олар судың бетінде қалқып жүретін тақта мен мойынға арналған жастықты қолданады. Сондай-ақ әжетханаға баруға үзіліс қарастырылған.

Ұйымдастырушылар бұл жоба ғарыш үшін ғана емес, медицина үшін де маңызды деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы