Жалпықалалық сенбілік. Әл-Фараби ауданында аулалар сұйық сабынмен жуылды

Бүгін жалпықалалық тазалық күнінде Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары Қарасу шағын ауданы 67,69 көпқабатты үйлерінің ауласында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санитарлық тазалық кезінде балалар алаңшасы сұйық сабынмен жуылып, ойын элементтері сырланды. 

Тұрғындарға  қолайсыздық келтіретін қураған ағаш бұталары кесіліп, аулалар сыпырылды.

Сондай-ақ аудан аумағындағы қоқыс алаңшалары тазартылды. Аталған жұмыстарға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, 11 арнайы техника және 120-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы