Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімі аяқталуға жақын

Мемлекеттік кірістер комитетінде жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі төрт күн қалғанын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дегенмен, бүгінгі күнге әлі 85 мыңнан астам адам декларацияны тапсырмаған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

Осы жылы декларация тапсыру бойынша міндеттеме келесі санаттарға тиесілі:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.

2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс. . Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты.

Егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары алғашында ескертумен шектеледі. Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыды, ол бүгінгі күні 
45 945 теңгені құрайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы