Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттардың талқылауына Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Келісімді ратификациялау мемлекеттердің арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруды және уақытын қысқартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста бірқатар заң жобасын екінші оқылымда қарау жоспарланып отыр. Олар: сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі және «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобалары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы