Жалпы халық бәрін дұрыс түсініп отыр - Бердібек Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы жағдайдың тұрақталғанын айтты.
Қазіргі таңда комиссия өртенген үйлерді, сауда нысандарын жергілікті халықтың көмегімен қосымша тексеріп жатырмыз. Осы бір-екі күнде олардың нақты санын, одан кейін қандай көмек керегін айтамыз, ұсыныс жасаймыз. Біз осы үш күнде барлық 5 елді мекенде халықпен кездестік. Оларға қандай қолдау болатынын түсіндірдік. Жалпы халық бәрін дұрыс түсініп отыр. Кеше сол елді мекендердің белсенді, абройлы азаматтарымен кездесіп, тағы да сөйлестік, - дейді Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуынша, соңғы 3 күнде көптеген азамат көрші Қырғызстан еліне өтіп кеткен. Осы екі күннің ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылыпты.
Кешеден бастап барлық мектеп, балабақша бұрынғыдай өз жұмысын жасап жатыр. Сауда дүкендері де жұмысын бастады. Өртенген үйлердің, дүкендердің құрылыстарын салған кезде жергілікті құрылыс компаниясы тартылады. Жергілікті тұрғындарды да жұмысқа араластырамыз. Одан бөлек сол елді мекендерден шыққан кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар өздері де көмектерін ұсынып отыр, - дейді Жамбыл облысының әкімі.
Бердібек Сапарбаев жалпы барлық мәселе бақылауда, қалпына келеді деп ойлайтынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Премьер-министр Сапарбаевты орнында қалдыратын болды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы