Жалғас Жұмағұлов UFC турниріндегі бесінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-6) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізді.

Оның қарсыласы америкалық файтер Джефф Молина (10-2) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, Молинаның жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Джефф Молина аралас жекпе-жектегі кәсіпқой мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізсе, Жалғас Жұмағұлов жетінші рет жеңіліске ұшырады. 33 жастағы қазақстандық үшін бұл жеңіліс UFC-дегі төртінші жеңіліс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы