Жалғас Жұмағұлов Oktagon-да қарсыласын нокдаунға жіберді
Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Чехияның Oktagon турнирінде дебютін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Братиславада өткен айқаста Жалғас Уэльс өкілі Аарон Абимен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, үш төреші де оған 10-8 ұпай берді. Осыдан соң Абиді дәрігер тексеріп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді.
Екінші раундта Жалғас тағы бір нокдаун ұйымдастырды. Үш раунд нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Жұмағұлов – Oktagon тарихындағы алғашқы қазақстандық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы