Кеше 2026, 21:48
Фото: ҰОК
Жалғас Қайролла Астанадағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
Финалдық кездесуде Жалғас Қайролла айқын басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Жалғас Қайролла дзюдодан Grand Slam Astana турнирінде Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен татамиге шықты.
Финалдық кездесуде Жалғас Қайролла айқын басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша қазақстандық дзюдошы ел қоржынына төртінші жүлдені салды. Бұған дейін Talgat Orynbasar күміс медаль жеңіп алса, Шерзод Давлотов пен Аңсарбек Ғайнуллин қола жүлдеге ие болған еді.